Атырау облысында 60 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 60 мыңнан астам адам вакцина салдырды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте

– 7 маусымда 918 адам «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І

компонентін салдырған.

«Атырау облысында тұрғындарды вакциналау үшін ашылған 31 стационарлық, 10

жылжымалы бекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Өткен бір тәулікте Covid-19 инфекциясына

қарсы вакцина алғандардың арасында 15 медицина қызметкері, 44 педагог, 9 құқық қорғау органдарының өкілі, 2 полицей, 4 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурумен ауыратын 4 адам, 830 тұрғын мен арнайы мекеменің 1 өкілі, 9 студент бар. Өңірде 1 ақпан -7 маусым аралығында «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін салдырғандар саны 60 818 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін 22 767 адам салдырды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға «QazVac» вакцинасының 1 мың дозасы жеткізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар