+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Атырау облысында 6 мың гектар жайылым өртеніп кетті

2017 жылғы 31 шілде 14:18
Бөлісіңіз:
 Атырау облысында 6 мың гектар жайылым өртеніп кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 28-30 шілде күндері Атырау облысында 6 мың гектар жайылымдық жер отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Дала өрті Қызылқоға ауданының шамамен 3,5 мың гектар жері мен Индер ауданындағы 2,5 мың гектар жайылымдық жерді шарпыды. Индер ауданындағы өртті ауыздықтауға ТЖ департаментінің бөлімшелері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 45 адам және 13 техника жұмылдырылды. Қызылқоға ауданындағы тілсіз жауды 4 техниканың көмегімен 15 адам сөндірді», - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт жексенбі күні кешке толықтай сөндіріліп бітті. Алайда, тілсіз жаудың жаңа ошақтарының шығу қаупі әлі де бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT