Атырау облысында 4 блок бекет орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантин мен шектеу енгізілуіне байланысты 4 блок бекет орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Блок-бекеттер Атырау-Астрахань-Қараөзек, Атырау-Орал-Алмалы, Атырау-Индер-Бесікті және Атырау-Доссор-Қарабатан бағыттарына қойылған.

«Блок-бекет жұмысы 30 наурызға қараған түні басталды. Бас санитар дәрігердің нұсқауына байланысты, Атырау тұрғындары тұрғылықты жеріне 2 сәуір сағат 00:00-ге дейін жетуі тиіс. Ал, 2 сәуірден кейін бұл мүмкін болмайды», - деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.


Соңғы жаңалықтар