Атырау облысында 22 мыңнан астам компьютерлік техника таратылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 22 мыңнан астам компьютерлік техника таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының білім бөліміне, Исатай, Индер, Қызылқоға,​ Құрманғазы аудандарының басшылығына табыстады.

Оның мәліметінше, онлайн білім алып жатқан оқушыларға 22 463 компьютерлік техника жақын күндері беріледі.

«Пандемия жағдайына байланысты 176 мектепте​ 111 296 оқушы қашықтан оқытылуда. Оқушыларға қажетті техникалық құралдар сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттің 555 млн теңгесіне 3479 ноутбук, республикалық трансферт есебінен 2,9 млрд теңгеге​ 18 984 компьтерлік техника сатып алынуда. Компьютерлік техниканы оқушылары тиімді пайдаланып, ата-аналары күтіп ұстауын қадағалауы қажет», - дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Бұған дейін Атырау облысының мектептеріне 2499 планшеттің жеткізілгенін хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар