Атырау облысында 145 мыңнан астам адам онлайн-санақтан өткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 145 мыңнан астам адам онлайн санақтан өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның айтуынша, халық санағын өткізге 898 адам тартылған. Оның ішінде 111 нұсқаушы-бақылаушы, 787 интервьюер бар.

«Онлайн-санақтың артықшылығын түсіндіру мақсатында 7-13 қыркүйекте департамент мамандары 30-дан астам ірі кәсіпорында, мекеме мен ұжымдарда кездесу өткізіп, практикалық көмек көрсетті. Соның нәтижесінде 18 қыркүйекке дейін 145 089 адам онлайн-режимде санаққа қатысты. Бұл облыс тұрғындарының 21,9%-ын құрайды» - дейді Галя Мұханғалиева.

Оның айтуынша, облыста 90-нан астам учаскеде санақ бұрышы ашылған. Енді 50-ге жуық волонтерді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тарту көзделіп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда халық санағын жүргізуге арналған 100-ден астам бұрыш ашылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар