Атырау облысында 10 мектеп салынып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында 10 мектеп салынынып жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік нысандардың да құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, білім беру саласында биыл 11 балабақшаның, 2022 жылы тағы да 3-уінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 5 224 орындық 10 мектеп салынып жатыр. Биыл сондай-ақ 1 410 орындық тағы 3 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында.

Әкімнің дерегінше, медициналық колледждің 200 орындық жатақханасы салынып жатыр. Биыл 25 орындық жастар үйі пайдалануға берілді. Атырау қаласында жанұялық үлгідегі балалар ауылының құрылысы аяқталуға жақын.

«Денсаулық сақтау саласында 7 нысан салынуда. Бұдан басқа 2 денсаулық сақтау нысаны құрылысын бастамақпыз. Үш ауданда 4 ауылдық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Салынып жатқан 6 спорт нысанының 5-уі биыл тапсырылады. Ал, Құлсары қаласындағы орталық стадионды 2022 жылы ашу жоспарланған», - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар