Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына қаңтардың соңында коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір 2500 дозаны сақтауға арналған 180 литр мұздатқыш бар.

«Енді «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен облыстың медицина мекемелеріне екпені сақтайтын 700 литрлік мұздатқыш жеткізілетіні күтіліп отыр. Бұған қоса кацинаны аудандарға тарату үшін тағы 60 литрік 2 мұздатқыш, 15 мемлекеттік емханаға 110 литрлік 15 мұздатқыш алынады» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, жекеменшік медициналық мекемелер мұздатқышты өз қаражаты есебінен алатын болады. Вакцинаны сақтау жауапкершілігі аталған мекемелердің өзіне жүктелген.

Еске сала кетелік, бұған дейін бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейген болатын.


Соңғы жаңалықтар