+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды

2021 жылғы 16 қаңтар 01:40
Бөлісіңіз:
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық мәслихаттың І сессиясы өтіп, жаңа хатшы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі – Мемлекет басшысы Президент ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді «Nur Otan» үш мегаполис тұрғындарына берген уәдесін қалай іске асырады

Сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына Әлібек Нәутиев сайланды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған еді.

Сайлау қорытындысына сәйкес, VІІ шақырылымдағы облыстық мәслихаттан «Nur Оtan» партиясына – 25, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 3, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 депутаттық мандат берілген.

Сондай-ақ, жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге өсіп отыр.

Соның ішінде облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары 15-ке артқан.

«Сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасақтап, тиімді жолдарын табуымыз қажет. Сондықтан, депутаттарды ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын»,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT