Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытының 1 443 қызметкері вакциналардың І компонентін салдырған.

«Бұл – зауыт қызметкерлерінің 90%-ын құрайды. Вакциналардың ІІ компонентін 1 107 қызметкер ектірді. Қызметкерлерді жаппай вакциналау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде өндірістік бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп отырмыз» - дейді зауыттың қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Серік Арыстан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында екі күнде 1 264 адам вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар