Атырау көшелерінен 300 тонна қар шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау көшелерінен 300 тонна қар жиналып, қала сыртына шығарылды. Қар тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қаңтарда қала көшелерін тазалау жұмыстарына 350 жұмысшы мен 20 арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс түн ортасына дейін созылып, бүгін таңертең қайта жалғасты. Көшелерде қар жинау мен оны шығаруға 42 арнайы техника тартылды», - деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырауда сенбі күні таңертең қалың қар жауып, күні бойы тоқтамады. Қысқы маусымда алғаш рет қар тазалау техникалары мен «Спецавтобаза» жұмысшылары көшеге шықты.

Техникадан бөлек көшелер мен тротуарларды қардан тазалауға «Спецавтобазаның» 337 қызметкері тартылды. Тазартудан басқа, олар қауіпті қиылыстар мен көпірлердің кіре берістеріне тұз ерітіндісін төкті.

Естеріңізге сала кетейік, қалада екі аптадан бері Орталық көпір жабық тұрған. Оның жабылу себебі және қанша уақытқа созылатындығы әзірге белгісіз болып отыр.

Автор:

А. Соколов





Соңғы жаңалықтар