Атырау қаласының ауасы неден ластанғандығы белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ауадағы күкіртсутегі концентрациясының шектен тыс артуына кінәлілер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атыраудағы ауаның ластануы және күкіртсутегінің иісі туралы көпшіліктің шағымы негізінен «Су Арнасы» компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) қалдықтарымен байланысты.

Экология министрлігі қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы «Су Арнасы» қызметі тоқтатылды, Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеуге кірісті. Қалада ауаны ластау мәселесін Атырау әкімдігінің тазарту нысандарын салу жөніндегі миллиардаған қаржы тұратын жобасын жүзеге асыру арқылы шешу керек, дегенмен ол кешеуілдеуде», - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.

Оның айтуынша, Экология министрлігі ағын суларға жауап беретін компанияларды, соның ішінде Атырау МӨЗ-ін тексеруді бастайды. Жергілікті әкімдік «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, арнайы келісімге сәйкес, қалада лас су жиналуы салдарынан күкіртсутегі булары пайда болатын орынды қалпына келтіруді де қолға алуы керек.

Автор: Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар