11:57, 18 Маусым 2021 | GMT +6
Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін не істеледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін кешенді іс-шаралар қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Атырау қаласы тұрғындары жиі көтеретін мәселенің бірі - атмосфералық ауа сапасы. Оларды облыс орталығында ауада жағымсыз иістің таралуы алаңдатады. Бұл ондаған жылдар бойы тұрғын үйлер мен кәсіпорындардың кәріздік суларын тазарту қондырғыларының болмауынан туындаған мәселе», - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Оның айтуынша, облыс әкімдігі бұл проблеманы шешу үшін 2021-2025 жылдарды қамтитын кешенді іс-шаралар қабылдаған.
«Соның ішінде, биыл қаланың сол жақ бөлігіндегі жаңа кәріздік-тазарту имаратын іске қосу жоспарлануда», - деді облыс басшысы.