Атырау қаласында оң жағалау тұрғындары көгілдір отынсыз қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласының оң жағалауына газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 15 қыркүйекте «Атырау-Орал» тасжолының 5-шақырымындағы жерасты газ құбыры магистралында апаттық жағдай туындаған.

«Бүгін сағат 8:00 шамасында құбырдан газ шығып жатқаны туралы хабар түсті. «ҚазТрансАймақ» АҚ өңірлік филиалының мамандары ақауды жедел жөндеуге кірісті. Бірақ, бұл үшін Жайық өзенінің оң жағалауындағы тұтынушыларды газбен қамтуды уақытша тоқтатуға тура келді. Бұл жоспарланған шара емес, апаттық жағдайға байланысты туындап отыр. Жұмыс күнінің соңына дейін газбен қамтуды толық қалпына келтіріледі», - дейді «ҚазТрансАймақ» АҚ өңірлік филиалының бөлім басшысы Құрманбек Өмірзақов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласының сол жағалауына газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар