Атырау қаласында 40 мыңнан аса кәсіпкер бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында 40 488 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, мұнайлы шаһарда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 40 488 нысан жұмыс істеп тұр.

«Былтыр Жұмыспен қамту орталығына 14 мыңна астам адам өтініш білдірді. Оның ішінде 8​ 259 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ал,​ 920 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 2 034 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіндік алды» -дейді Қайрат Оразбаев.

Оның мәліметіне қарағанда, былтыр Атырау қаласында 9 907 жаңа жұмыс орны ашылған. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бизнес идеясын іске асыру үшін 240 адамға 133,2 млн теңгенің мемлекеттік грант берілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Еңбек» бағдарламасымен 1070 атыраулық 2,6 млрд теңгенің грант пен несие алғанын хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар