Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы аралығында пойыз қатынауы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы арасында пойыз қатынайтын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол Құрманғазы ауданы тұрғындары үшін үлкен мәселе. Өйткені, облыс орталығынан 250 шақырым шалғайда орналасқан. Атырау-Астрахан жолы әлі жөнделіп жатыр. Жолмен өзіміз де жүреміз. Өте қауіпті. Пойыз шығару мәселесін «Жолаушылар тасымалы» компаниясымен бірлесіп қарадық. Бір пойыз шығарып, тексеріп көрді. Кестесін, тоқтайтын жерлерін, қанша адам жүретіндігін байқады. Қазір плацкарт және 2 жалпы вагоны бары бір пойызды күнделікті қатынауға шығару жоспарда бар», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі Атырау-Құрманғазы пойызын іске қосуға қатысты тиісті қаулыға да қол қойғанын айтты.

«Енді осы айдың 25-інде мәслихаттың сессиясы өтеді. Сессияға осы мәселені шығарамыз. Депутаттар қолдау білдіреді деп үміттенеміз. Қолдау болса ары қарай тиісті жұмыстарды жүргізіп, пойызды жақын арада жолға шығару жоспарымызда тұр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар