Атырау гарнизонының әскерилері рәміздерге құрмет көрсетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау гарнизонының әскерилері мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Үздік офицерлер мемлекеттік Туды көтеріп, еліміздің Әнұраны орындалды.

«Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылы мемлекетіміздің айрықша белгілері – Туы, Елтаңбасы мен Гимні ресми түрде бекітілді. Содан бері біздің айбынды және идеологиялық тұрғыдан бай рәміздеріміз әлемге танылды. Жаһанның түкпір-түкпірінде Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Мемлекеттік рәміздер – біздің ортақ мұрамыз және патриотизмнің көрінісі», - деді салтанатты шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Алдияров.

Бұдан соң әскери қызметкерлердің балалары арасында өткізілген «Біздің мемлекеттік рәміздер» байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.


Соңғы жаңалықтар