«Атырау» футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамада ойнайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау» футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялаған еді.

Бұл тізімде атыраулық үш ойыншы бар.

Екі кезеңнен кейін жалпы есепте екінші орында келе жатқан «Атырау» футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды.

Олар – Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов пен Жақсылық Амандосов.

Футзалдан ұлттық құрама 9 желтоқсанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Венгрия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Бұл ойында атыраулық Болат Сарбасов алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар