«Атырау» футбол клубына жаңа бапкер келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау» футбол клубына жаңа бапкер келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Атырау» футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас бапкер қызметіне Асқар Қожабергенов тағайындалған.

Кезінде ол Алматының СКИФ, «Қайрат», «Достық», қарағандылық «Шахтер», талдықорғандық «Жетісу», жамбылдық «Химик», «Ақтөбелік» командаларында ойнаған. Сонымен қатар немістердің «Пройссен-7» командасында да өнер көрсеткен.

Кейінірек Қаскелең қаласының «Сұңқар», талдықорғандық «Жетісу» және «Екібастұз» командаларына бапкерлік қызмет еткен.

Асқар Қожабергенов «Атырау» футбол клубын 4 ай жаттықтырған Олег Дулубаның орнына келді.

Соңғы жаңалықтар