Атырау дәрігерлері қант диабетінен сақтанудың жолдарын айтты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша қант диабетіне шалдыққандар саны 9 мыңнан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде аталған дерттің бірінші типімен ауыратындар саны - 549, ал екінші типімен 8940 адам күресуде. «Бірінші типті қант диабетін алдын алу мыналарды қамтиды: дұрыс тамақтану, бактериялық және жұқпалы ауруларды уақтылы емдеу, иммунитетті нығайту, жеткілікті қозғалу белсенділігі, егер ата-анасының біреуінде қант диабеті анықталса, балаға аурудың ерте кезеңдерінде диагностикалауды жүргізу маңызды, дейді Атырау облыстық ауруханасының штаттан тыс эндокринологы, жоғары санатты дәрігер Анна Чичибабина.

«Ал екінші типті қант диабеті ауруына шалдықпау үшін қант және қанты бар өнімдерін шектеу қажет. Сондай-ақ спортпен шұғылдану, салмағын бақылау; темекі және спиртті ішімдіктерден бас тарту керек. Сондықтан әр адам салауатты өмір салтын сақтап, дәрігерге тексеріліп, қандағы қанттың мөлшері үнемі тексеріп отыруы тиіс».
Соңғы жаңалықтар