Атырау автобустарында жолаушылар саны 60 мыңға азайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде жолаушылар ағыны 60 мыңға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Смарт Атырау» КММ директоры Әділбек Таңқиевтің айтуынша, қалаішілік автобус қатынасында жолаушылар ағыны күніне 100 мыңнан 40 мыңға дейін азайғаны байқалған.

«Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобустардың санын 160-тан 140 бірлікке дейін қысқартуға ұйғарым жасадық. Демалыс күндері жолаушыларды 115 автобус тасымалдайды. Рейстен оралған бойда әр автобустың салонына санитарлық тазалық жүргізіліп, дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді. Осы мақсатта кондукторларға арнайы қолғаптар мен дезинфекциялық құралдар берілді», - деді Әділбек Таңқиев.


Соңғы жаңалықтар