Атырау әуежайынан ұшақтар елдің басқа қалаларына қатынай бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан ішкі әуе қатынасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Атыраудан әуе қатынасы ашылып, алғашқы жолаушылар Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына ұшып кетті.

«Жолаушылар санитарлық талапқа сәйкес медициналық маска тағуы керек. Термометриядан өтеді. ПТР тест қажет емес. Ұшақта бұрынғыша отырады. Бірақ, бортта әрлі-берлі қозғалысқа рұқсат жоқ», - деді Атырау халықаралық әуежайының өкілі Феруддин Ариф.

Оның айтуынша, әзірге авиакомпанияның рейстері орындалады. Жолаушы тасымалдаушы компаниялар 1 маусымнан бастап Ақтауға рейс ашуды жоспарлаған.


Соңғы жаңалықтар