Атбасарда зауыт директорының орынбасары асханада туған күнін тойлаған

None
None
АТБАСАР. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері Атбасардағы зауыт директоры орынбасарының туған күн кешін тарқатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шара барысында Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Атбасар станциясы полиция қызметкерлерімен бірге карантин кезінде ұйымдастырылған туған күн шарасын тоқтатты. Бұл туралы к өліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин айтты.

Оның айтуынша, «Қамқор-Локомотив» ЖШС Атбасар электровоз жөндеу зауыты филиалы аумағында орналасқан асханада бір топ адам АЭЖЗ директоры орынбасарының туған күнін атап өтпек болған.

Туған күн тойлауға 17 адам келген, оның ішінде жоғарыда аталған кәсіпорынның басшысы да болған.

Мереке тоқтатылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша материал көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілген.

«Сонымен қатар, карантин кезінде туған күн ұйымдастыруға рұқсат берген асхана иелері де елдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің талаптарын ескермегені үшін, сондай-ақ Ақмола облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 10 қарашадағы қаулысын бұзғаны үшін тиісті жауапкершіліккке тартылмақ», – деп толықтырды полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері еліміздің әуе және теміржол көлік нысандарында әкімшілік құқық бұзған 39 мыңнан аса азаматты анықтаған, оның ішінде 242 азамат карантинді бұзған.


Соңғы жаңалықтар