Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында табиғат апатынан жапа шегіп, үйсіз-күйсіз қалған жандарға көмек қолын созуға ниет білдірушілердің саны күн санап артып келеді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Қайырымдылық көрсетуде жергілікті кәсіпорындар мен серіктестіктердің еңбек ұжымдары белсенділік танытуда. Оның ішінде әсіресе "Алиби Холдингі" ЖШС - 5 млн. теңге, "Қаракөл" агрофирмасы" ЖШС - 1 млн. 500 мың теңге, "Көкшетау Энерго"- 3 млн. 341 мың теңгенің көмегін көрсеткен.

Сонымен қатар "Цесна-Астық" концерні" АҚ 1 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа ұн, қант, макарон және күріш тәрізді азық-түлік өнімдерін жіберген. Қазіргі кезде арнайы ашылған қайырымдылық қорының есепшотына 45 млн. 500 мың теңге қаржы жиналды, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар