Атбасарда 25 миллион теңгенің гербицидін ұрлағандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Атбасар ауданында 25 миллион теңгенің 25 миллион теңгенің гербицидін ұрлаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 9-шы маусым күні Атбасар аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысынан арыз түскен. Ер адамның сөзінше, белгісіз біреулер ЖШС-ның гаражының қабырғасын бұзып, 10 литр ыдыстарға құйылған 460 литр гербицидті қолды қылған. Шаруашылыққа келтірілген шығын көлемі 25 миллион теңгеден астам деп бағаланды.

«Жедел-іздестіру кезінде Атбасар ауданының 24, 27 және 29 жастағы үш тұрғыны ұсталды. Күдіктілерден заттай дәйек ретінде ұрланған заттың бір бөлігі алынды. Қазіргі кезде күдіктілер қамауға алынып, үстерінен ҚР ҚК 188 бабының 4 бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар