Атбасарда 140 орындық балабақша пайдалануға берілді – Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Атбасар қаласында қазіргі заманға сай жабдықталған 140 орындық балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, «Арай» балабақшасының ашылуына аудан басшысы Аманбек Қалжанов және «Saba-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Б.Ризан қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында пайдалануға берілген балабақшаның ашылуы аудан тынысындағы айтулы оқиға. Осынау игі істі жүзеге асыруға үлес қосқан «Saba-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғыс білдіреміз. Бұл ауданда балабақшаға кезегін шешуге зор ықпалын тигізеді», - деп атап өтті Аманбек Қалжанов өз сөзінде.

Балабақша 6 топқа арналған, бөлмелері кең әрі жарық. Балалардың тәрбие алушы үшін барлық жағдай жасалған. Әр топтарда ұйықтау бөлмесі, дәретхана және қабылдау бөлмелері бар. Жап-жаңа жиһаздар қойылған медициналық бекет, қазіргі заманға сай музыка залы да қарастырылған. Балабақшаның ашылу 38 адамға жаңа жұмыспен қамтып отыр.


Соңғы жаңалықтар