Атажұртқа қандастарды шақырған тұңғыш құжат 30 жыл бұрын қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атажұртқа қандастарды шақырған тұңғыш құжат 30 жыл бұрын қабылданды. Бұл туралы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобыландин «Ұлттық мұра» көрмесіндегі құттықтау сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Архив және құжаттаманы басқару комитеті, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Отандастар қорының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлттық мұра» атты көрме өтті.

«1991 жылы 18 қараша күні Н. Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің 711 қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн-нан астам қазақ көшіп келді. Сол келген қандастарымызбен бірге ұлттық салт-дәстүрімізге, ғылымға, мәдени-рухани қазынамыз да келді», - дейді Қалыбек Қобыландин.


Соңғы жаңалықтар