Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыға үлкен демеу - көпбалалы әке

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атаулы әлеуметтік көмек көңілімізге қуаныш ұялатты. Бұл туралы Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылының тұрғыны, көпбалалы әке Амантай Қасайынов пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрмысы төмен отбасылардың несиесін мемлекет өтейтіні туралы Жарлығы көпбалалы аналарға қолдау болған еді. Несие алып, тұрмыстық жағдайына байланысты оны төлей алмай отырған көпбалалы аналар мемлекет тарапынан жасалған жеңілдіктің арқасында әлеуметтік жағдайларын біршама жақсартып алды. Енді міне, биылдан бастап көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріле бастады. Бұл -қуанышты жаңалық.

«Жұбайым екеуіміз көпбалалы отбасында өскендіктен және оның үстіне көпбалалы ата-ана болғандықтан болар, өзіміз сияқты отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсы түсінеміз. Әрине, нарық заманында бес баланы ел қатарлы аяғына тұрғызу оңай шаруа емес. Өз басым мәдениет саласында еңбек етемін. Еңбекақым төмен. Бір ғана менің айлығыма қарап отырмыз», - дейді Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылының тұрғыны, көпбалалы әке Амантай Қасайынов. Ол кей жағдайда қаржы жетпей қиналып қалатынын да айтады. Оның есесін мал басын көбейтіп, оның өнімін базарда сату арқылы айыруға да тырысып жүр.

«Бір жағынан қазір сырқат анама қамқор болып отырмыз. Ұл-қызымыздың алды колледжде оқиды. Оларды да қаржы жағынан қолдау керек. Биылдан бастап жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары студенттерінің шәкірақылары 25 пайызға өсетіні көңілге қонады. Бакалавриатта, магистратурада, докторантурада оқитындардың шәкіртақысының өскені жастарды өнер-білімге тарта түседі деген ойдамын», - дейді Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылының тұрғыны, көпбалалы әке Амантай Қасайынов.




Соңғы жаңалықтар