+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

«Атамекен» шет елдердегі этникалық қазақтар мен отандастарды қолдайтын болады

2019 жылғы 22 қараша 17:03
Бөлісіңіз:
«Атамекен» шет елдердегі этникалық қазақтар мен отандастарды қолдайтын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ҰКП мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Келісімге «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен палатаның Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды - Біржан Нұрымбетов Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды Париждегі «Қорқыт ата» мәдени орталығы қандастарға қазақ тілін оқытып жатыр

Айта кетейік, «Отандастар қоры» - шет елдерде тұратын этникалық қазақтар мен отандастарды қолдау жұмысы бойынша мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен нақты бағыттарды айқындап, серіктестік орнататын ұйым. Ал меморандум «Атамекен» ҰКП мен қордың бірқатар бағытта тығыз байланыста жұмыс атқаруы үшін негіз болып табылады. Мәселен, «Атамекен» өзінде жинақтаған кәсіпкерлік туралы білім банкін пайдалану, бизнес құру және дамыту, палата жүзеге асыратын бағдарламалар бойынша оқыту, инвесторлар мен стартаптарды іздеу бағытында қолдау жасайды.

Сонымен қатар ынтымақтастық аясында «Менің Атамекенім» және бизнес саласындағы шетелдік қазақтар ұйымдарын әлем бойынша бір желіге біріктіретін «Атамекен» Іскерлік үйі» жобасын іске асыру мәселелері де қамтылды. Этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуін ынталандыруды қарастыратын «Темірқазық» бағдарламасына дербес басымдық беріледі.

«Отандастар» қоры мен «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмысының алдағы бағыттары «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел аясында өтетін «Атамекен» Іскерлік үйінің» панельдік сессиясында нақтыланады. Аталған шара биыл 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жиынға 20 елдегі қазақ диаспорасынан 150 делегат қатысады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT