08:50, 30 Тамыз 2020 | GMT +6
Ата Заң еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды - Мамин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!» деп жазған ол құттықтау хатта.