Ата кәсібімізден ешуақытта қол үзбейік - Нұрғали Биғазиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде әлем экономикасы өте күрделі жағдайды бастап кешіп отыр. Оған белгілі бір дәрежеде шикізат көздерінің құнсыздануы, атап айтқанда, мұнай бағасының құлдырауы да себепкер болуда. Бұл ахуалдың әлемдік рынокқа өз тауарларын шығаратын біздің елімізді де айналып өте алмасы анық. Осыған орай Қазақстан Үкіметі ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. «Сынақтан өтетінімізге сенемін», - дейді кәсіпкер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нұрғали Биғазиев.

*** Әлем экономикасындағы ауыртпалық ауылға де келіп жетті... Социалистік жүйенің жемісін 70 жыл бойы жеген халыққа нарық экономикасына, оның оқтын-оқтын соғып тұратын дауылы мен дабылына бой үйрету оңай дейсіз бе? Дегенмен, көңіл қуантарлығы бүгінде ауыл халқы кешегідей емес, қоғамдағы жаңа өзгерістерге бейімделіп алған. Осы арада ашып айтатын бір жайт бар: ауылдағы ағайындар ара-тұра қамшылап тұрғанды жақсы көреді. Кешегі теңге дағдарысы самарқаулана бастаған жерлестерімнің ісіне жақсы мағынада түрткі болды. Әңгіменің ашығы осы. Елге жол тартып бара қалсам, көңілім толып қалады. Ауылдың төңірегінде көз қуантып әжептеуір малдар жайылып жүреді. Бірден жаның жадырайды. Ірі қара өсіріп, оны бордақылау, одан тұқым алу, етін жеп, сүтін ішу - біздің қанымызбен келген қасиет. Ата кәсібімізден ешуақытта қол үзбейік. Сонда ғана елдің болашағы зор болады деп ойлаймын. Сонда ғана халқымыз дағдарыстың ащы дәмін татпайды. Осы арада Елбасымыз Нұр¬сұлтан Назарбаевтың жергілікті билік басшыларына күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын қадағалау туралы айтқан тапсырмасы көңілге қонады. Ауыл жұрты момын. Тек атқарған ісін ғана біледі. Теңге құлдырауын пайдаланып, өтпелі сәттің оңтайлы сәтін өз пайдасына жарата қалғысы келетіндер бар. Шынайы өмірде оны көріп те, байқап та жүрміз. Президентіміздің бұл тапсырмасына жергілікті билік органдары аса мұқият болады ғой деген ойдамын. Бұл сынақтан да өтерміз...

Соңғы жаңалықтар