Ат спортынан ұлттар кубогының финалдық кезеңі өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) конкурдан Барселонадағы Ұлттар Кубогының финалдық кезеңі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.

Аталған жарыс 2-4 қазан аралығында ұйымдастырылуы тиіс болған. Алайда, испандық ұйымдастырушылар халықаралық федерациямен ақылдаса келе, турнирді өткізбейтінін хабарлады. Бұған себеп – коронавирус індетінің бәсеңдемеуі.

Айта кетелік, сәуірде індетке байланысты іріктеу кезеңдері де өткізілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар