Асылжан Тәжиев Сурдлимпияда ойындарында «қола» жүлдеге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрес балуаны Асылжан Тәжиев Түркияда өткен Сурдлимпиядалық ойындарда 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші айқаста Беларусь азаматын жеңіп, екіншіде украиндық балуанға есе жіберсе, үшінші айқаста қырғызстандықты ұтып, ойынның қола жүлдегері атанды», - делінген хабарламада.
null

Еске салайық, 18 шілде күні Түркияның Самсун қаласында XXIII Сурдлимпиядалық ойындар басталды. Ойынға әлемнің 100 елінен есту қабілеті төмен 3 мың спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан спорттың 9 түрі бойынша 50 спортшы бақ сынауда. Олардың ішінде еркін және грек-рим күресі, жеңіл атлетика, суда жүзу, таеквондо, каратэ, дзюдо, үстел теннисі және спорттық бағдарлау бар. Ойын 30 шілде күні мәресіне жетеді.
null

Соңғы жаңалықтар