+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Астық өнімдерінің экспорттық әлеуеті өте жоғары – Асқар Мамин

2020 жылғы 22 қыркүйек 09:44
Бөлісіңіз:
Астық өнімдерінің экспорттық әлеуеті өте жоғары – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тонна болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2025 жылға қарай сапалы ауыз су мәселесі толық шешіледі - Асқар Мамин Қазақстанда шегірткенің таралу ареалы 3,3 есеге азайды Премьер-Министр ветеринария мамандығына білім гранттарын көбейтуді тапсырды

«Қазіргі уақытта егін жинау жұмысының 93 пайызы орындалды, астық көлемі 18 млн тонна көлемінде болады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрады. Биылғы астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тонна болады, бұл өткен жылғыдан кемінде 12,5 пайызға көп», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, жаһандық үрдіске қарағанда әлемдік нарықта азық-түлікке сұраныс пен оның бағасы ұлғая береді.

«Сондықтан біздің басым міндетіміз астық өсіру мен одан жасалатын өнімдер экспортының көлемін айтарлықтай ұлғайту. Бізде жоғары сапалы нан өнімдерінің өндірісімен қатар, астықты терең өңдеу үлгілері де бар. Атап айтқанда, глютен, крахмал және биоэтанол өндірісі. Жалпы, елімізде астық және одан жасалатын өнімдердің экспорттық әлеуеті өте жоғары. Осы әлеуетті барынша іске асыруымыз қажет», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT