«Астрахан – Маңғышлақ» су таратқышындағы апат жойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Астрахан – Маңғышлақ» су таратқышында болған апат жойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облысының аумағында, Құлсары қаласынан 20 шақырым жерде «Астрахан – Маңғышлақ» су таратқышында болған апат жойылды. Қазіргі уақытта су қысымы сантиметріне 33 келіге жуықтады. Су құбыры толып, су Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына дейін жетті», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа Құлсары мұнай құбыры басқармасында.

Еске салайық, «Астарахан – Маңғышлақ» магистральдық су таратқышымен су беру тоқтатылған болатын.

«Магистральды су таратқыш» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Асқар Құлтумиевтің айтуынша, авария Атырау облысының аумағында, Құлсары ауданы орталығынан 20 шақырым жерде болған. Оқиға орнында 30 адам мен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Апаттың басты себебі – су құбырының тозуы.

Құбыр 1988 жылы салынған, содан бері әбден ескіріп, коррозияға ұшыраған.

Салдарынан Атырау және Маңғыстау облысының жақын маңдағы бірнеше елдімекені уақытша судан ажыратылды.

Айта кетейік, аталған су таратқыштың жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайды. Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы Қиғаш өзенінен су алынып, осы таратқыш арқылы ауылдарға жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар