Астананың Тұран даңғылында шекті жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қалалық City Transportation Systems компаниясы ресми мәлімет таратты.

Оған сәйкес Тұран даңғылының бойында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі екі бағыттағы учаскеде жылдамдық 80-нен 60 км/сағ дейін төмендетілген.

Жылдамдық шектеуіндегі өзгерістер 2021 жылдың 8 қазанында сағат 00.00-ден басталды.

«Біз елорда тұрғындары мен қонақтарына аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын басшылыққа ала отырып көлік жүргізуді өтінеміз» деп ескертеді көлік компаниясынан.


Соңғы жаңалықтар