Астананың құрылыс алаңындағы қоқиқаздарға қатысты министрлік мәліметі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі елордада тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында жүрген қоқиқаз құсына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 4 қарашада әлеуметтік желілерде Нұр-Cұлтан қаласындағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің (Жасыл квартал ауданында) құрылыс алаңында 2 фламинго құсы бар екендігі туралы бейнематериал жарияланды.

Ауа райының жағдайын ескере отырып, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне қоқиқаздарды құтқару шараларын қабылдауды тапсырды.

Инспекторлар ол жерді тексерген кезде қоқиқаз табылған жоқ. Аталған құрылыс алаңы қызметкерінің айтуынша, қоқиқаздар Кіші Талдыкөл көліне қарай ұшып кеткен», - делінген ведомство хабарламасында.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта инспекторлар қала әкімдігінің қызметкерлерімен бірге қоқиқаздарды іздеу мақсатында Кіші Талдыкөл көлін тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар