Астананың 20 жылдығына орай альпинистер 20 шыңды бағындыруды көздеп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық альпинистер командасы елорданың 20 жылдығына орай Қазақстандағы 20 шыңды бағындыруды жоспарлауда. Бұл туралы арнайы баспасөз турында «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астанамыздың 20 жылдығына орай, туризм бағытында бірқатар шараларды өткізу көзделуде. Ең алдымен, біз 20 шыңды бағындыру бастамасын қолға алдық. Оның 20-сы атаусыз болады. Бағындырылған соңғы шың «Астана» деп аталмақ. Бұл бағдарлармен халықаралық альпинистер жүріп өтеді. Олардың қатарында біздің альпинистер де бар. Бірақ, ең алдымен әлемге танымал тауға өрмелеушілер бұл іске кіріскелі отырғанын атап өткіміз келеді», - дейді Рашид Күзембаев.

«Kazakh Tourism» басшысы аталған бастама Қазақстанның табиғатының алуан түрлілігін насихаттауда таптырмас шара болғалы тұрғанын тілге тиек етті.

«Сонымен қатар, әлемге атақты жиһангез Яцек Палкевич өзі айтқанда «Жаңа Ұлы Жібек жолымен» жүріп өтуді жоспарлауда. Ол және оның жолсеріктері Қытайдан сапарын бастап, Қазақстан арқылы Орталық Азияға, одан кейін Ресейден Беларусь пен Польшаға жетуді ойластыруда. Біз бұл шараны да Астананың 20 жылдығына арнап отырмыз. Себебі, Яцек бастаған жиһангездер Астана арқылы Бурабайды да кесіп өтеді», - дейді Р.Күзембаев.

Соңғы жаңалықтар