Астаналықтар заманауи өнер инсталляциясын қоқыс деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Нұржол желекжолында Astana ArtFest заманауи өнер фестивалінің командасы әлемге танымал «Люцентераптус» арт-тобымен бірлесіп, ерекше өнер инсталляциясын жасауға кірісіп кетті, атап айтқанда субұрқақтардың бірін бос пластик бөтелкелермен толтырды. Бірақ, авторлардың бұл ойын елорда тұрғындары түсінбеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фейсбук әлеуметтік желісінде бірқатар қолданушылар шашылған бөтелкелерді қоқысқа балап, қала тұрғындарын тәртіпсіз деп айыптады.

null 

«Көпшілігі мұнша бөтелкені кім лақтырды деп наразылық білдіріп жатыр. Суретшілердің көздегені де осы, бұл инсталляция арқылы олар табиғи су айдындарының ластануы мәселесіне халықтың назарын аударғысы келеді. Субұрқақтағы қоқыс біздің ашуымызды келтірді, ал өзендер мен теңіздердің, әлемдік мұхиттардың ластануы бізді қызықтырмайды. Бұл экология және табиғатқа қамқорлық туралы еңбек», - деп жауап берді Артфест командасы өздерінің ресми парақшасында .  

null 

Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, инсталляция әлі аяқталған жоқ. Жұмыс толық аяқталған соң, бөтелкелер жарық шашып тұрады және келушілерге тамаша көрініс сыйлайтын көрінеді.  

null 

«Біздің халық үшін арт-инсталляциялар мүлдем жат. Мұндай инсталляциялар Лондонда, Нью-Йоркте ұйымдастырылды. Олар су ресурстарының пластик бөтелкелермен, пакеттермен ластануы мәселесіне бағытталған», - деп пікір жазды Фейсбук қолданушыларының бірі Руслан Абдрахманов.

null null 

Соңғы жаңалықтар