Астаналықтар СҚО тұрғындарының мұқият жасалған сценарийіне алданып келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғынынан ірі сомада ақша бопсалаған бес күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының бес тұрғынын (төрт ер адам мен бір бойжеткен) ұстады. ІІД ақпараты бойынша, әрқайсысы өз рөлін бөліп алған. Бойжеткен зардап шегуші рөлін сомдаса, басқа күдіктілер өздерін оның туысқаны немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Ұсталушылар бопсалау арқылы зардап шегушілерден ірі сомада ақша алып отырған. Олар  «құқық бұзушылық» үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға ұсыныс білдірген.

Сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктілердің қандай қылмыс жасағаны мәлім етілген жоқ. Қазіргі таңда ҚР ҚК 194-бабы «бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз бұл ақпаратты тұрғындар күдіктілердің суретін көрулері үшін тараттық. Мүмкін, басқа да зардап шеккендер бар шығар. Күдіктілер қамауға алынды, қазір тергеу изоляторында отыр», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция зардап шегушілерден мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 71-60-31, 71-60-10, 71-60-37, 71-60-55, 8-700-555-10-86.

Соңғы жаңалықтар