Астаналық талапкерлерге «кәсіби диагностика» қызметі ұсынылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық талапкерлер кәсіби-техникалық мамандықты таңдамай тұрып «кәсіби диагностикадан» өте алады. Осы арқылы әрбір талапкер өзінің қандай мамандықа бейім екенін анықтай алады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова әкімдіктің баспасөз оратлығында айтты.

«Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырысты «Ақша студентпен бірге» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа тетігін әзірледі. Егер бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген орындарға колледждерге қабылдау жүргізілсе, жаңа жүйе бойынша талапкерлер колледждер мен мамандықтарды өздері таңдайды. Яғни мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждерге нақты қабылдау қорытындыларына қарай орналастырылады», - деді Римма Иманғазинова.

Оның айтуынша, мұндай қағидат, мемлекеттік тапсырысты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етпек.

«Биыл алғаш рет барлық мектеп түлектеріне ақпараттық жүйе арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Нәтижесінде талапкерлер белгілі бір мамандық бойынша ұсыныс алады, мамандықтардың сипатымен танысады. Кәсіби диагностиканың қорытындылары мамандық таңдау кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деді басқарма өкілі.


Соңғы жаңалықтар