«Астаналық» сауда үйіне «жарылғыш зат» қойған елордалық ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астаналық» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат беу күдігімен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09.21-де Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Астаналық» сауда үйіне (Артем) жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау түскен.

«Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция жедел іздеу шараларының кешенін жүргізді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 21 жастағы жас жігіт ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар