Астаналық паракаратешілер Ресейден жеңіспен оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде астаналық паракаратешілер алтын мен күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Балалар мен жасөспірімдер және мүгедек жандарға арналған спорт мектебіне сілтеме жасап.

7-8 ақпан аралығында Мәскеу облысының Пушкино қаласында (Ресей) спорттық жекпе-жек және жауынгерлік өнерден «Теңапостольды Николай Японский Кубогі» (Кубок равноапостольного Николая Японского) X фестивалі өтті. Жарысқа Ресей, Жапония және Қазақстан спортшылары қатысты.


Еліміздің намысын елордалық параспортшылар Керім Бексырғаұлы мен Ләззат Жүсіпова қорғап, алтын және күміс жүлдеге ие болды.

«Жарыста Ләззат жарыста алтын медаль, Керім күміс медальді жеңіп алды. Турнир жақсы өтті, татамидегі паракаратешілердің мамами күрестері таңғалдырды, бұл қуатты әрі рухтандыратын сәт болды. Жапония командасы wkf каратесі мен сумо бойынша өнер көрсетті. Жыл сайын өткізілетін турнирге Хоккайдо және Пушкино губернаторлары, Ресей Федерациясының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Анна Кузнецова қатысты. Біздің спортшылар үшін бұл үлкен тәжірибе болды», - дейді паракаратэ спорты бойынша жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуева.


Соңғы жаңалықтар