Астаналық әйел қар тазалайтын техниканың астына түсіп, мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 65 жастағы астаналықты қар тазалап жатқан шағын техника басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 желтоқсанында сағат 15:45 шамасында шағын қар тазалайтын техника жүргізушісі Н.Тілендиев даңғылының бойында қар тазалап жатып, артқа шегінгенде тротуармен келе жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар