Астанаға Сармат патшайымының қабірінен табылған бірегей жәдігерлер әкелінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан «Сақ алтыны» түпнұсқа артефактілердің халықаралық көрмесіне ресейлік ғалымдар Сармат патшайымының қабірінен табылған бірегей жәдігерлерді әкелді,деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Иван Меньшиковтың айтуынша, 2013 жылы табылған жәдігердің тарихи құндылығы шексіз және оны ауызша  «Сармат патшайымы» деп атап кеткен.

«Сәл шегініс жасар болсақ, бұл қорғанда 1987 жылы қазба жұмыстары жүргізілген және онда уфалық археолог құмыралар, ағаш тостағандар, бұғының мүсіндері сынды жүздеген алтын бұйымдар тапқан еді. Реставрациядан кейін бұл бұйымдар әлемдік сапар жасады. Өкінішке орай, қорған түгел қазылмады және 2013 жылы ғана қорғанды толық зерттеу туралы шешім қабылданды. Сол жылы 3 метр тереңдіктен кездейсоқ қорған табылды. Оны қазғанда өз көзімізге өзіміз сенбедік - тұтас қорған бағалы бұйымдарға толы және табылған патшайымның киімі алтын жапсырмалармен көмкерілген. Жалпы саны мыңнан астам бұйым таптық», - деп түсіндірді ол.

Меньшиков әйел киімінің де сән-салтанатты екенін атап өтті. Зерттеушілер «Сармат патшайымының» не кигенін сол күйі анықтай алмады - халат немесе жамылғы деген болжам бар.

«Киімге алтыннан құйылған өзгеше «түймедақтар» тігілген. Олардың саны 600-ге жетеді. Жеңдері аң стилінде майда моншақтар тігілген, бірақ нақты ненің бейнесі екенін анықтай алмадық.  Шамамен, жыртқыш аңның тауешкіні жәукемдеп жатқаны көрсетілген тәрізді», - деді ресейлік ғалым.

Қорғаннан табылған әшекей бұйымдар және олардың саны да жерленген әйелдің ақсүйек әулетінен шыққанын айшықтай түсті.

«Әйелдің әр саусағындаалтыннан құйылған жүзіктер болды. Одан бөлек, қос білегінде алтын мен бағалытастардан жасалған білезіктер болды. Сондай-ақ, әйел жанынан күміс ыдыстар,жебе ұштары және айна табылды», - дедйді Меньшиков.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Ұлттық музейінде ҚР Ұлттық музейінде «Сақ алтыны» түпнұсқа артефактілердің халықаралық көрмесі ашылды. Онда б.з.д. VII-II ғғ. Сақ мәдениетіне тиесілі ҚР Ұлттық музейі, Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайының жинақтарының және атақты қазақстандық реставратор Қырым Алтынбековтың коллекцияларының үздік жәдігерлері қойылған .

 

Соңғы жаңалықтар