Астанадағы үздік мектептерге құжаттар қабылдау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық білім басқармасы елордадағы үздік мектептерге түсу үшін құжаттар қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қалалық № 9 «Зерде», № 81 «Astana English School», № 82 «Дарын» мамандандырылған мектептеріне құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 24 сәуір мен 10 мамыр арасында жүргізіледі. Конкурстық іріктеу 11-18 мамыр күндері өтетін болады», - делінген хабарламада.

Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебіне тапсырылатын біліктілік емтихандары екі кезеңнен тұрады. 1-кезең - логика және математика бойынша тестілеу, 2-кезең - функционалдық оқу дағдылары (қазақ, орыс және ағылшын тілдері). Тестілеу ұсынылған мәтінге сәйкес жүргізіледі.

№81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясына оқуға түсу үшін жаратылыстану-математика немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша емтихан тапсыру керек. 2-11-сынып оқушылары «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Математика» пәндері бойынша сыннан өтеді. 1-сынып оқушылары «Ағылшын тілі» пәнінен сын тапсырып, әңгімелесу кезеңі мен психологиялық тесттен сәтті өтуі тиіс.

№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде 5-сынып оқушылары үшін «Математика» және «Дүниетану» (4-сынып бойынша) пәндерінен іріктеу емтихандары өтеді.  

Соңғы жаңалықтар