Астанадағы Оқушылар сарайының алдына ерекше өрт сөндіру көлігі «келіп тоқтады»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер балалар мен ата-аналарды тілсіз жаудан сақтандырудың өзгеше әдісін іске асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласы Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өртке қарсы насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Елордалық өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау шараларының насихаттау үшін бұл жолы тыңға түрен салған. Нақтырақ айтқанда, ТЖБ қызметкерлері Оқушылар сарайы аумағына мұздан ойып отырып, өрт сөндіру көлігін тұрғызыпты. Мұздан жасалған көлікте өрт сөндіру қызметінің 101 нөмірі де жазылған.
«Аталған конструкция ата-аналар мен балалардың өрт қауіпсіздігіне баса назар аудару үшін жасалған. Күнделікті жұмысында өрт сөндірушілердің ең алдымен тілсіз жаудан көпті ескертіп, сақтандырып жүргені абзал», - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Фейсбуктегі хабарламасында.null 

Соңғы жаңалықтар