Астанадағы көлік-логистика орталығына күніне қанша жүк келіп түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік-логистика орталығына сырттан күнделікті қанша жүк келіп түсетінін «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау қызметі департаментінің директоры Ержан Байғожин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің көлік-логистика орталығы 2015 жылы құрылды. Қазіргі уақытта елордалық терминал жылына 250 тонна жүк қабылдайды. Ал ай сайын 300-400 вагон жүк жеткізіледі. Бұл орталық бір мезгілде 2 мың контейнер жүк қабылдап, оны одан әрі жеткізе алады», - деді Ержан Байғожин.

Бұған дейін департамент басшысы Қазақстан арқылы Еуропадан Қытайға жүк тасымалының қанша тұратынын айтып берді.

«Қазір пандемияға байланысты баға өсті. Бұрын бір жүк контейнерінің құны орташа 6-7 мың АҚШ долларын құраса, қазір баға 9 мың АҚШ долларына дейін көтерілді. Оның үстіне теңіз тасымалы да пандемияға байланысты бағаны өсірді», - дейді ол.

Сонымен қатар, Е. Байғожин Қазақстанның сыртқы жүк тасымалына пандемияның қалай әсер еткенін айтты.


Соңғы жаңалықтар