USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

2021 жылғы 30 қараша 03:19
Бөлісіңіз:
Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бибісара Асаубаева: Шахматтан ел тарихындағы алғашқы «алтынды» иеленгенім үшін бақыттымын Мәдениет және спорт министрлігі Бақыт Сәрсекбаевтың пікіріне жауап берді Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы WBC рейтингі ТОП-20 қатарына енді

Оның себебі – Хардонның жарақаты. Ол қолын сындырып алды. Дәрігерлер оған рингке шығуға тыйым салып отыр, деп жазады Sports.kz.

Айта кетейік, Елеусінов – Хардон кездесуі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кешінде өтуі тиіс болатын. Данияр Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіретіні жазылған болатын.

Кеш аясында, сондай-ақ ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновқа (36-5-1, 27 КО) қарсы шығады.

Бұдан бөлек, Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО), Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО), Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) өнер көрсететіні жоспарланған.

Профибокс кеші «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT