+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Астанадағы 20 жағажайда шомылуға тыйым салынады

2021 жылғы 3 тамыз 14:28
Бөлісіңіз:
Астанадағы 20 жағажайда шомылуға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты шаһар аумағындағы 20 жағажайды шомылуға тыйым салынын нысан ретінде тіркеу туралы мәселені қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқарма бастығы Рәтбек Демеубергеннің айтуынша, бұл шектеу шарасы бас санитар дәрігердің қаулысы талабынан туындап отыр.

«Айта кету керек, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 30 шілдедегі қаулысы бойынша қалалық жағажайлардың, оның ішінде санкцияланбаған жағажайлардың жұмысына тыйым салынған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жалпы саны 20 акваторияда шомылуға тыйым салынған орындарды белгілеу туралы мәслихаттың жобасы қаралуда», - дейді департамент өкілі.

Аталған 20 нысанның жетеуі – Алматы ауданында, төртеуі – Байқоңыр ауданында, алтауы – Есіл ауданында, үшеуі –Сарыарқа орналасқан.

«Стихиялы жағажайларда күн сайын халықтың қауіпсіздігін бақылайтын жедел құтқару бөлімдері жұмыс істейді. Ақбұлақ, Триатлон, Шұбар, Газмашаппаратура, Қарасу, Нұра-Есіл арналарында) жүзбе бекеттер қойылды. Азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін департамент қызметкерлері күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізіліп, судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт өнімдері таратылады», - деді Азаматтық қорғау басқармасының бастығы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT