Астанада үздік журналистер марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты шығармашылық конкурстың жеңімпаздары марапатталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы байқауға елдің түкпір-түкпірінен 564 жұмыс түсті. Конкурсқа барлығы 120-дан астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олардың ішінде шетелдік журналистер де бар.

«Сондықтан комиссия мүшелері байқауға xалықаралық мәртебе беруді бірауыздан қолдады. Енді, шетелдік журналистер "Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» атты xалықаралық номинацияға қатыса алады", - деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік телевизиялық материал» аталымында «Qazaqstan» арнасының тілшісі Ержан Қалымбай бірінші орынға ие болды. Екінші орында - Александр Дремов (Өскемен қаласының телеагенттігі), ал үшінші орынды Сәния Көпжасарова («Қазақстан» ТРК, Көкшетау) иеленді.

«Ел жүрегі - Астана» аталымында Президенттің телерадиокешенінің қызметкері Берік Әбішев үздік деп танылды. Азамат Тілепов («Қазақ радиолары» ЖШС) екінші орында, ал Айгүл Әлжақсина («Вечерняя Астана» газеті) үшінші орынды қанағат тұтты.

«Ғаламтордағы үздік жарияланым» аталымында «Елорда ақпараттың» тілшісі Айнұр Шошаева бірінші орынды жеңіп алды. Ал Арман Сүлейменов («Қазконтент» АҚ, «Қазақстан тариxы» сайты) пен Ирина Плотникова («Регион» баспа үйі, Өскемен) екінші және үшінші орыннан көрінді.

«Үздік радиоматериал» аталымында «Қазақ радиолары» ЖШС тілшісі Жанат Жанұзақовтың жұмысы үздік деп танылды. Оның әріптесі Бақытжан Жармұxамбетов екінші орынға ие болса, «Астана» радиосының дикторы Ольга Асxожина үшінші орыннан көрінді.

Бұдан бөлек, «Газеттер мен журналдардағы үздік материал» аталымында үздік үштік марапатталды. «Казаxстанская правда» газетінің тілшісі Анастасия Прилепская бірінші орынды жеңіп алды. «Түркістан» газетінің журналисі Динара Мыңжасарқызы екінші орынға, ал «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Жолдыбай Базар үшінші орынға ие болды. 

Айта кетейік, бірінші орынға 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталса, екінші орынға - 500 мың, ал үшінші орынға 200 мың теңге берілді. Барлық жеңімпаздарға арнайы төсбелгілер тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар